Sunday, 24 November,2024

Шахтадағы апаттан қаза болған 36-шы кеншінің денесі табылды

Алмас Абылай
Фото Ашық ғаламтордан

Қарағанды облысындағы Костенко шахтасында болған апаттан қаза болған кеншілер саны 36-ға жетті, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Төтенше жағдайлар министрлігі дерегіне сүйенсек, бүгін қаза болған 36-шы кеншінің денесі табылған.

"Қазіргі уақытта 36 адамның денесі табылды, 10 кеншіні іздеу жалғасуда. Авариялық-құтқару жұмыстарына «Кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметтерінің республикалық орталық штабы» ЖШС Қарағанды филиалының тау-кен құтқарушыларының 10 бөлімшесі жұмылдырылды. Газ жағдайын бақылау жалғасуда", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, бұған дейін шахтадағы апаттан қаза болғандар саны 33-ке жеткенін жазған едік.

Ұсынылатын