Шекарадағы тыйым: Тағы бір мемлекет Ресейден сырт айналды
Болгария Ресей нөмірін таққан көліктерді 2 қазаннан бастап кіргізбейтін болды. Бұл жөнінде Болгария шекара полициясының басшысы Антон Златанов мәлімдеді, деп хабарлайды Uaqyt.info.
24 часа дерегіне сүйенсек, Златанов Ресей нөмірін таққан жеңіл көліктер де, жүк көліктер де Болгарияға кірмейтінін мәлімдепті.
Болгария Ресеймен шектеспейді. Шекарадан өтетін Ресей көліктері көп емес. Бірақ Ресейдің кейбір азаматтары Грузия, Түркия арқылы Болгарияға өтеді. Ресеймен шектесетін Еуропа одағы елдерінің бәрі Ресей нөмірін таққан көліктерге тыйым салған соң Болгария бағытымен жүретін көліктер көбеюі мүмкін, - делінген ақпаратта.
Айта кетейік, бұған дейін Польша мемлекеті дәл осындай шешім қабылдады. Артынша Еуропадағы өзге елдер де бұл тиымды қолдаған болатын.