Monday, 25 November,2024

Соңғы қоңырауға қатыса алмаған хиджаптағы қыз ҰБТ-ға бармайтынын айтты

Uaqyt.info
Фото Ашық дереккөзден

Соңғы қоңырауға қатыса алмай, мерекелік іс-шараны мектептің терезесінен тамашалаған қыз ҰБТ-ға да қатыспайтынын айтты, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Хиджап кигені үшін соңғы қоңырауға қатыса алмай қалған қыздың жазбасы ғаламторда қызу талқыланған болатын. Ол әлеуметтік желідегі парақшасында тағы бір жазба қалдырды. Онда мектеп бітірген түлек ЖОО түспейтінін айтқан.

ҰБТ тапсырмаймын, менде жеке бизнес, - деп жазды ол.

Uaqyt.info бұған дейін хиджаптағы қыз туралы жазған болатын.

Ұсынылатын