Friday, 17 May,2024

ШҚО-да өртенген үйден ер адамның денесі табылды

Uaqyt.info
Фото Ашық дереккөзден

Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданында жер үй өртеніп, 58 жастағы ер адам көз жұмды, деп хабарлайды Uaqyt.info.

«Оқиға орнына өрт сөндірушілер шұғыл келіп жетті. Сол кезде үйдегі бөлмелердің бірінің қабырғасы және ағаш еден жанып жатқан. Түтін тұмшалаған үйді барлау кезінде құтқарушылар 58 жастағы үй иесінің денесін тапты», - делінген ақпаратта.

Uaqyt.info бұған дейін Алматыдағы алапат өрт туралы бірнеше материал жазды.

Ұсынылатын