Saturday, 23 November,2024

Шығыстағы шу болған Ленин ескерткіші: Жөндетуге ақша бөлдірген әкім жұмыстан кетті

Алмас Абылай
Фото Ашық ғаламтордан

Шығыс Қазақстан облсы Алтай ауданының әкімі Ернар Мұстафин өз еркімен жұмыстан кеткен, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Бұл туралы ҚазАқпарат жазды. Дерекке сүйенек, аудан әкімі лауазымды орынға былтыр ғана отырған көрінеді. Тура бір жылдан кейін өз еркімен кетуге өтініш жазған.

Енді оның орнына Алтай ауданы әкімінің міндетін Ренат Құрмамбаев атқарады.

Еске салсақ, биыл тамыз айында Шығыс Қазақстандағы Алтай қаласында жөнделіп жатқан Ленин ескерткіші қирап қалған болатын. Кейін Алтай ауданының әкімдігі не себепті Ленин ескерткішін жөндеуге қаражат бөлгенін түсіндірген еді.

Ұсынылатын