Шымкентте өлген сәбиін перинаталдық орталыққа тастап кеткен әйел ұсталды
Uaqyt.info
Фото ашық дереккөзден
Шымкентте шала туған баласын облыстық перинаталдық орталыққа тастап кеткен ана ұсталды, деп хабарлайды Uaqyt.info.
"Аталған факті бойынша қала тұрғыны анықталып, ұсталды. Қылмыстық іс қозғалып, сот-медициналық сараптама тағайындалды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр", - делінген полиция мәліметінде.
Айта кетейік, 7 мамырда Шымкентте орналасқан № 2 Түркістан облыстық перинаталды орталығына белгісіз адам келіп, шамамен 20-21 апталық шала туған қыз баласының денесін тастап кеткен болатын. Бұл туралы Uaqyt.info бұған дейін жазды.