Saturday, 23 November,2024

Тас-талқан болған Бахмут: 9 айдан бері қызу соғыс жүріп жатқан бір қаланың көрінісі жүрек ауыртады

Алмас Абылай
Фото ВВС

Украина мен Ресей арасындағы ең қызу шайқас жүріп жатқан қаланың бірі тас-талқан болған. ВВС агенттігі бірқатар суреттерді жария етті, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Суреттерде көпқабатты тұрғын үйлердің қирап қалғанын байқайсыз. Тіпті бірінде жанған от әлі сөндірілмеген. Құдды бір ақыр заман келбетіне енгендей. Басқыншы топ Бахмутты тұтастай тас талқан еткен.

Бұл суреттер Ураина әскерінің дронмен түсірілген кадрлері.

Айта кетейік бұған дейін ЧВК "Вагнер" әскери ұйымы қаланы толықтай басып алдық деп мәлімдеген еді. Бірақ Украина билігі Пригожиннің сөзі шындыққа жанаспайды деп отыр. Бахмуттағы шайқас әлі де жалғасуда.

Соңғы мәліметтерге сүйенсек, дәл осы қалада екі елдің де ең көп сарбазы өлім құшқан. Ресей Бахмутты басып алу үшін 9 айдан бері әрекет етуде.

Ұсынылатын