Вагнерліктер Бахмутты толықтай басып алғанын мәлімдеді
Алмас Абылай
Фото ВВС
9 айдан бері қиян-кескі шайқас жүрген Бахмут Ресей қарамағына өткен секілді. ЧВК "Вагнер" жетекшісі Пригожин бүгін осындай мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Бахмуттағы жағдайды ВВС жазды. Дерекке сүйенсек, бүгін "Вагнер" жетекшісі Пригожин қаланы толықтай бақылауына алғанын мәлімдеген. Дей тұрғанымен бұл жағдайға Украина билігі әзірге үн қатпады.
Ресей үшін Бахмутты басып алу ерекше рөлге ие. Өйткені дәл осы қала арқылы Ураинаның біраз бағытына жол ашылады.
Айта кетейік, Бахмуттағы шайқас 9 айға созылды. Өткен жылдың тамызында басталған дәл осы қала маңындағы соғыс екі елдің де көптеген сарбазын жер жастандырды.
Еске салайық, 15 күн бұрын Украина әскері Бахмутта Ресейдің бүтін бір дивизиясын талқандап, 2 шақырым аумақты өз иелігіне қайтарғанын жазған едік.