Friday, 22 November,2024

“Той Англияда өтеді”. Әншінің шетелдік азаматқа тұрмысқа шыққаны рас па?

Uaqyt.info
Фото Ашық дереккөзден

Танымал әнші әрі актриса Айгүл Иманбаева үйлену тойының Қазақстанда болмайтынын айтты, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Бұл туралы әнші «Қыздар-ай» бағдарламасында мәлімдеді. Оның айтуынша, ол жақын күндері Англияға оқуға кетеді және ол сол жақтан балалы болып келуді жоспарлап қойған. Айта кетейік, бұған дейін ел аузында «Айгүл жүкті екен» деген әңгіме желдей ескен болатын. Бірақ тойдағы жас жігітпен жабысып билегені көптің көңіліне тағы бір күдікті ұялатып қойды. Әзірге актриса болашақ күйеуінің түрін көрсетпек тұрмақ, аты-жөнін де айтқысы келмеді.

«Мен түсінгенім, жүректің тыныштығы болуы үшін өзіңмен өрелес, жаныңды түсінетін адам болуы керек. Сол жүректің тыныштығы өзімде бар, өткенде концерте де айттым. Бақыттың үні де бәсеңкі. Ниет бар. Екеу боп келуімді күтіңіз. Той Қазақстанда болмайды деп айттым » , - деді Айгұл Иманбаева.

Ұсынылатын