Saturday, 5 October,2024

Тоқаевтан көмек сұраған Қанат Ислам рингке оралды

Uaqyt.info
Фото Ашық дереккөзден

Белгілі боксшы Қанат Ислам 16 желтоқсанда  рингке шығады, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Қазақстандық боксшы Қанат Ислам (29-1, 22КО) келесі жекпе-жегін Астанада өткізбек. Бұл туралы Prosports.kz жазды.

Қанат 16 желтоқсанда Тәуелсіздік күні рингке оралуды жоспарлап отыр. Бұл кеште қазақстандық тағы бір боксшы Садриддин Ахмедов те (13-0, 11КО) жекпе-жек өткізбек.

Айта кетейік, Ислам былтырғы қарашадан бері жұдырықтаспады, сол кезде америкалық Плант-Ситиде аргентиналық Хавьер Франсиско Масиэланы (34-21, 23КО) төрешілер шешішімен жеңген еді.

16 желтоқсанда жұдырықтасуды жоспарлап отырғандардың бірі - Жанқош Тұраров (27-0, 20КО). Ол Алматыда жекпе-жекке шықпақ. Сол күні басқа да қазақстандық боксшылар рингке шығатыны хабарланды.

Қанат Ислам Президент Қасым- Жомарт Тоқаевқа үндеу жасағанын бұған дейін жазғанбыз. Онда боксшы бірнеше жылдан бері елде кәсіби бокс кештерін өткізе алмай келе жатқанын айтып, мәселеге ел президентінің араласуын сұраған еді.

Ұсынылатын