Төреғали Төреәлі абақтыдан ауруханаға жеткізілді
Uaqyt.info
Фото Ашық дереккөзден
Сот шешімімен 20 күнге қамалған әнші Төреғали Төреәлі Алматыдағы №7 ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Әншінің жағдайы туралы адвокат Эльнура Кішкенбаева айтты.
“Оны Алматыдағы №7 ауруханаға жеткізді. Қазір әншінің жағдайы орташа”, - деді адвокат.
Естеріңізге сала кетейік, атышулы әнші 14 маусымда есірткі қолданып көлік айдағаны үшін, полициядан қашып, оларға бағынбағаны үшін айыпты деп танылып, сот шешімімен 20 тәулікке қамалған болатын. Төреғали Төреәлі туралы Uaqyt.info бұған дейін бірнеше материал жазды.