Түркияда жол апатына түскен тағы бір қазақстандық көз жұмды
                     Uaqyt.info 
                    
  
                    
  
                
                
                         Фото Ашық дереккөзден
                                                        Түркияның Анталья қаласында жол апатына түсіп, ауруханада бірнеше күн ес-түссіз жатқан қазақстандық турист көз жұмды, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Бұған дейін сол жол апатынан оның әйелі және екі жасар қызы көз жұмған болатын. Белгілі журналист, "Зейін Атырау" ерекше балаларды оңалту орталығының негізін қалаған Арайлым Бағытжан екі жасар қызымен бірге қайтыс болғанын Uaqyt.info бұған дейін жазды. Қайғылы оқиға 4 қыркүйекте болғанын айта кетейік.
            


