- Басты жаңалықтар
- Қоғам
- "Тырдай шешіндіріп, видеоға түсірді": Журналист Сандуғаш Дүйсеноваға қамауда қысым көрсеткен
"Тырдай шешіндіріп, видеоға түсірді": Журналист Сандуғаш Дүйсеноваға қамауда қысым көрсеткен
Жетісу облысында журналисті қамауға алған полицейлер қысым көрсетуге әрекеттенген. Тіпті қапаста тырдай жалаңаш шешіндіріп, видеоға түсірген, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Бұл туралы Оңғар Қабден Тelegram-арнасында жазды. Ондағы деректе Сандуғаш Дүйсенованың мәлімдемесі жарияланған. Яғни журналист адам өлтірген қылмыскердің жазадан құтылып кетпеуі үшін шу көтеремін деп осындай хәлге түскенін түсіндірген.
"Ойламаған жерден осылай болып қалды! Ақшамен, адамдарды алдап, өтірік жазып ұсталсам өкпе жоқ, ешкімнен көмек сұрамас едім. Бар жазығым адам өлтірген кісі жазадан құтылып кетпесін деп айғай-шу көтергенімде. Сол қағазда оның ИНН кетіп қалыпты! Енді біреу әдейі 1,5 жылдан соң арыз жазған! Заказ!!!! 11 тамызда полицияда тырдай шешіндіріп видеоға түсірді ғой. ИВСқа жапты сағыңды сындырамын деді. Мені кешірім сұрайды деп ойлады. Бірақ мен өзімді ұстай алады екенмін", - деп жазады Сандуғаш Дүйсенова.
Сонымен қатар журналист енді өзінің құқы үшін күресетінін әрі айналасындағылардан қолдау күтетініне тоқталады.
Еске салайық, бұған дейін Сандуғаш Дүйсенованың ұсталғаны туралы ақпарат тараған. Кейін Жетісу облысының полициясы журналисті кепілмен босатқанын хабарлады.