Friday, 22 November,2024

Украинадағы соғыс: Сәуір айында Ресей 10 мыңға жуық түрмедегі тұтқынды майдан даласына айдап салған

Алмас Абылай
Фото ашық ғаламтордан

Сәуір айында Ресейдің түрмесіндегі жазасын өтеушілердің 10 мыңға жуығы соғыс даласына аттаныпты, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Бұл туралы ВВС жазды. Дерекке сүйенсек, биылғы жылдың тек сәуір айында ғана 10 мыңға жуық жазасын өтеуші Украинадағы майдан даласына жіберілген. Британдық әскери барлау олардың келісімшарт жасасқанын растап отыр.

2022 жылдың жазынан бастап түрмедегі сотталушылар ЧВК "Вагнер" ұйымының қатарын толықтырып отырды. Алайда әскери ұйым Ресейдің қылмыстық-атқару жүйесіне қол жетімділігін 2023 жылдың ақпанында саябырсытты. Себеп Қорғаныс Министрлігімен арада туындаған түсініспеушілік.

Жалпы тұтқындарды жалдау Ресейдің негізгі қорғанысындағы әскер қатарының санын көбейтудің кезекті бір процесі. Сотталушылардың жаппай майдан даласына аттануы елдегі мобилизацияға тартылуы тиіс азаматтардың легіне тоқтау болады. Бірақ соңғы кездері Бахмут түбіндегі Пригожиннің мәлімдемелері бұл жүйеге сызат түсіргендей.

Еске салайық, бұған дейін Украина әскері Ресейдің тұтас бір дивизиясын тас талқан еткенін жазған едік.

Ұсынылатын