“Үретіндер көп”. Азамат Сатыбалды өзіне сын айтқандарға жауап берді
Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» акционерлік қоғамының президенті Азамат Сатыбалды әлеуметтік желідегі парақшасында ерекше жазба қалдырды, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Онда актер өзін сынап, жағымсыз пікір айтқандардың әрекеті өзіне тек шабыт беретініне тоқталған. Естеріңізге сала кетейік, киностудия аумағын қытайлық көліктерге толтырған Азамат Сатыбалдының басы дауға қалған болатын. Бұл туралы Uaqyt.info бұған дейін бірнеше материал жазды.
“Бүгін қиын. Ертең одан да қиын болады. Арғы күні жеңістің дәмін сезетін боласын. Бірақ, біраз адамдар орта жолда беріліп қояды. Ең бастысы сену және шыдау. Қайда бара жатқаныңды сенен басқа ешкім білмейді. Орта жолда жаман ой салып бағытыңнан адастыратындарға жол берме. Олардың лақтырған тасы қайта қамшы болып, сені шабыттандыру керек. Оладың мақсаты сені жолдан тайдыру,ал сенің мақсатың белгілеген межеге жету. Бұл айқаста мақсат жеңіс. Ол сенің қолыңда. Үретіндер көп, тістейтіндер аз. Сөйлейтіндер көп,істейтіндер аз. Сондықтан берілме бауырым. Мен саған сенемін. Алла жар болсын!”, - деп жазды Азамат Сатыбалды.