Thursday, 19 September,2024

Үрмелі матраспен ашық теңізге шығып кеткен қыздар табылды

Uaqyt.info
Фото Ашық дереккөзден

Каспий теңізіне үрмелі матраспен шығып, із-түссіз кеткен үш қыз аман-есен табылды, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Теңіз жағалауынан 22 шақырым жерден құтқарушылар үш қызды тапты. Олардың денсаулығына ешқандай қауіп төнбеген. Қазіргі уақытта оларды Ақтау портына жеткізу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін ашық теңізге шыққан үш қыздың іздестіріліп жатқанын жазған болатынбыз.

Ұсынылатын