- Басты жаңалықтар
- Әлем
- Ұрып өлтірген: Грузияда қаза тапқан қазақстандық журналистке қатысты тың ақпарат шықты
Ұрып өлтірген: Грузияда қаза тапқан қазақстандық журналистке қатысты тың ақпарат шықты
Uaqyt.info
Фото Ашық дереккөзден
Грузияда қаза тапқан журналист Жанбота Төлегеннің өліміне қатысты күдікті қолға түсті, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Грузияның ІІМ таратқан мәліметке сүйенсек, Жанбота Төлегенді күдікті басынан қатты затпен ұрған. Алған жарақаттан журналист жан тәсілім еткен.
Ал марқұмның денесін қаскөй өзенге лақтырып кетіпті. Жедел іздестіру шаралаы барысында Кахетия полициясы күдіктіні ұстады. Ол 10 жылдан 15 жылға дейін сотталуы мүмкін.
Uaqyt.info бұған дейін жат елде көз жұмған журналист туралы жазған болатын.