Saturday, 5 October,2024

Валютамен жұмыс істейтін кәсіпкердің әр күні тәуекелге толы – Айнұр Рахымова

Uaqyt.info
Фото

Белгілі кәсіпкер Айнұр Рахымова еліміздегі ең ірі “Алматы халықаралық әуежайынан” ақша айырбастау орындарын ашты, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Бүгін ол yes_exchange-тің әуежайдағы екі нүктесінің тұсауын кесіп, салтанатты іс-шарадан кейін олар бірден қызметтеріне кірісті.

Айта кетейік, бүгінгі таңда мегаполюсте ақша айырбастайтын алты пункт жұмыс істеп тұр. Ал Қазақстан бойынша мұндай орындар Ақтөбе, Атырау, Астана, Ақтау секілді ірі қалаларда бар. Кәсіпкердің айтуынша, касса өз клиенттеріне 24 сағат қызмет көрсетеді.

“Бұл нарықты 1997 жылдан бері зерттеп және бұл саланы бір кісідей білеміз деп сеніммен айта аламын. Өйткені біз туристердің келіп-кетуі, ішкі және сыртқы рейстердің барлығын зерттеп, бағамдап отырамыз. Бізде волютаның 40 түрі бар. Яғни, кез келген туристке біз толықтай қызмет көрсете аламыз деген сөз. Кассаларымыз 24 сағат қызмет көрсетеді. Үлкен көлемдегі ақша ауыстырылған жағдайда, клиенттерге жеңілдік жасалады", - деді Айнұр Рахымова.

Бұдан бөлек кәсіпкер келіншек бұл бизнестің өз қиындықтары бар екенін де жасырмады. Тіпті ол 2023 жылғы девальвация кезінде миллиондап шығынға батқанын айтты.

"Бұл бизнестің өз қиындықтары да жоқ емес. Кейде валюта таппай қаламыз. Мысалы, былтыр доллар девальвацияға ұшыраған кезде оны біз де білмей қалдық. Мен де сол уақытта біраз шығынға ұшырадым. Сондықтан біздің әр  күніміз тәуекелмен өтеді”, - деді Айнұр Рахымова.

Естеріңізге сала кетейік, Айнұр Рахымова бұдан алдын өзіне қарсы заңсыз әрекет еткен Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайының басшылығымен соттасқан болатын. Ол сотта кәсіпкер жеңіске жетті. Uaqyt.info ол туралы бұған дейін жазды.

Ұсынылатын