Saturday, 23 November,2024

"Видеоны өшірмеймін, ештеңе жасырмаймын". Атышулы депутат сынға алғандарды өзінен алыс жүруге шақырды

Алмас Абылай
Фото instagram.com/gulzhainadarimova777/

Павлодар қалалық мәслихатының депутаты Гүлжайна Даримова шулы бейнежазбасына байланысты мәлімдеме жасады. Тіпті сыншыларға алыс жүруге, жеке басына араласпауға шақырған, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Депутат шулы бейнежазбаға байланысты ойын әлеуметтік парақшасында жазды. Онда бұл видеоны желіден өшірмейтінін және ештеңе жасырмайтынына тоқталады.

"Бұл бейнежазба желтоқсанның 10-да жарияланған. Ал мен наурызда депутат болдым. Мен блогермін. Әзілге толы рилстарды жақсы көремін. Мен де адаммын. Ешқашан ештеңе жасырған емепін, әрі бұл бейнежазбаны қазір де өшірмеймін. Мені өз халқым сайлады. Олар менің қандай екенімді біледі. Бейнежазбаны көрген. Соған қарамастан дауыстарын берді. Сондықтан мен өз халқыммен біргемін, өз қаламдамын. Басқалары алыс жүрсін. Мүмкін қуаныштарыңызға орай болашақта сіздердің де депутаттарың болып кетпесіне кім кепіл", - дейді ол жазбасында.

Еске салайық, бұған дейін мәслихат депутатының "күйеуіңді, тіпті әкеңді тартып алатын жастамын" дейтін масқара бейнежазбасы тараған еді.

Ұсынылатын