Sunday, 24 November,2024

Жол жабылмай мәселе шешілмей ме? Әкімдік әйтеуір тұрғындар талабын қанағаттандырғандай болды

Алмас Абылай
Фото

Алматы облысы Қарасай ауданында бір күн бұрын Кемертоған ауылының тұрғындары тас жолды жапқан. Себеп электр жарығының жоқтығы, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Мәселе аудан әкімдігінің араласуынан кейін шешімін тапқандай болды. Тұрғындар талап-шағымын тыңдауға әкім Абылай Ысқақовтың өзі келген. Кейін бұл жағдай бойынша мынадай ақпар берді.

"Оқиға орнында алынған ақпарат негізінде электр желісінде қысқа тұйықталу болғаны анықталды. 2343 трансформаторлық қосалқы стансасын тексеру кезінде жоғары вольтты жерасты кабелінің жанып кеткені белгілі болды. Апаттық бригада оқиға орнында қалпына келтіру жұмыстарын жүргізді", - делінген әкімдік ақпаратында.

Айта кетейік, Кемертоған ауылының тұрғындары мұндай қадамға амалсыз барғандарын айтуда. Себебі жылу да, су да тікелей электр желісіне байланған. Тоқ істен шықса бәрі тоқтайтын көрінеді.

Еске салайық, бұған дейін Кемертоған ауылының тұрғындары электр қуатының өшуіне байланысты Алматы-Бішкек тас жолының 24 шақырымын жиналып, тас жолды жауып тастағанын жазған едік.

Ұсынылатын