Friday, 20 September,2024

Журналистерді қолтырауынға теңеген мәжіліс депутаты Қошановтан сөз естіді

Алмас Абылай
Фото Видеодан кадр

БАҚ өкілдерін қотырауынға теңеген мәжіліс депутаты Самат Нұртаза Парламент қабырғасында Ерлан Қошановтан сөз естіді, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Оның кезекті мәжіліс отырысында қателескен бейнежазбасы желіде тарады. Видеода заң жобасын талқылауға алған депутаттарға төраға Ерлан Қошанов сөз беруде. Бірақ Самат Нұртаза талқылауды ұсыныспен шатастырып алған.

"Ойбууй, Самат Нұртаза мырза қолтырауындардан қорқып, ойы басқада отырды ма, әлде депутаттық сауалдардың отырыстың соңында оқылатынын білмей ме екен, оңбай қателесіпті. Өзге әріптестері заң жобасын талқылап жатса, Самат депутат сауалын оқып кетті", - деп жазады журналист Гүлбану Әниятқызы.

Еске салайық, бұған дейін мәжіліс депутаты БАҚ өкілдерін қолтырауынға теңеймін деп сынға қалған еді.

Ұсынылатын