- Басты жаңалықтар
- Әлем
- Ердоған алда: Түркиядағы президент сайлауының алдын ала қорытындысы жарияланды
Ердоған алда: Түркиядағы президент сайлауының алдын ала қорытындысы жарияланды
Алмас Абылай
Фото Ашық ғаламтордан
Түркиядағы президент сайлауының алдын ала қорытындысы жарияланды. Осы уақытта ашылған жәшіктердегі таңдау бойынша Ердоған алда, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Anadolu Agency сайтындағы дерекке сүйенсек сайлау бюлетені салынған жәшіктердің 97,41 пайызы ашылған.
Нәтиже бойынша Реджеп Тайып Ердоған халықтың 52,18 пайыз қолдауына ие болды.
Ал оның қарсыласы, оппозициялық партия жетекшісі Кемал Кылычдароғлы – 47,85 пайыз дауысқа ие.
Еске салайық, бұған дейін Түркия халқы президент сайлауының алғашқы кезеңін өткізгенін жазған едік. Онда үміткерлердің бәрі дерлік 50 пайыз қолдауға ие бола алмауына байланысты таңдау екінші кезеңге ұласқан.