Saturday, 23 November,2024

“Қыздардың көрпесін көтерген…” Меруерт Түсіпбаева ҚазҰУ-дағы “пәк” қыздар туралы пікір білдірді

Uaqyt.info
Фото ашық дереккөзден

Белгілі әнші Меруерт Түсіпбаева қоғамда үлкен резонанс туғызған мәселеге қатысты өз ойын білдірді. Әнші мәселені жылы жауып қоймай, жоғарғы оқу орнын жіті тексеруін талап етіп отыр, деп хабарлайды Uaqyt.info.

"Жақында ғана, қазақтың қыздары, қазақтың әйелдерінің өмірі неге сонша күрделі деп разбор жасап едім….. Менің постымнан кейін, мінекей - тағы бір тосынсый. Аталмыш ВУЗ-дың әкімшілігі қанша ақталып, осы мәселені жылы жауып, мәймөңкелегенімен (?!), бұл тізімнің жарыққа шығуында, бұның астарында бір шикілік бар-ау….Оны ақымақ болмасаңыз - аңғарасыз…. Сонымен, бұл ТІЗІМ кімге керек болды екееееен?!Ау! Жаңа ғана өмірін бастап жатқан жауқазын қыздардың жеке шекарасын бұзғанша, білім деңгейін ойламайсыздар ма?! Бәрін қатырып тастап, енді қазақ қызының арын таптайтын осы тізім қалып па еді?! Ұят!! Куда мы катимся?! Северная Корея демалсын! Қыздарымыздың көрпесін көтергенше - сапалы білім беріңіздер! Неге қазақтардың басым бөлігі балаларын шетелде оқытады?! Бұл қылмысты жылы жаппай, мемлекет тарапынан тексеріс қажет!!", - деп жазды әнші.

Естеріңізге сала кетейік, ҚазҰУ-да оқитын қыздардың жеке деректері әлеуметтік желіде тараған болатын. Uaqyt.info бұл туралы бұған дейін бірнеше материал жазды.

Ұсынылатын